Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылды. Бұрын Маңғышлақ деп аталды. Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан. Түркіменстанмен және Өзбекстанмен шектеседі.
Облыс орталығы – 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. 1 қарашадағы ақпаратқа сәйкес, мұнда 214,9 адам немесе облыс тұрғындарының 29 пайызы өмір сүреді. Облыс құрамында 5 ауылдық өңір, 3 шағын қала, 34 ауылдық аймақ бар. Облыстағы қала тұрғындарының саны – 298,7 мың адам (40,3%).
Ақтау – Каспий теңізіне іргелес жатқан және Қазақстанды Каспий маңындағы басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстыратын портты қала.
Маңғыстау облысында негізінен өнеркәсіп, тау-кен секторы басым. Мұнда қазақстандық мұнайдың 25 пайызы өндіріледі. Облыс аумағы арқылы Ақтау-Жетібай-Өзен мұнай құбыры өтеді. Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, ұлутас пен түрлі тұзға бай.
Өңірде мемлекеттің қарауындағы 11 мыңға жуық тарихи ескерткіш бар. Олардың кейбірі – Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия және Ресей тұрғындары зиярат ететін орын.