Қостанай облысы 1936 жылы құрылды. 1997 жылы оның құрамына таратылған Торғай облысы толығымен кірді. Қостанай Ресейдің Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен шектеседі.
Облыс орталығы – Тобыл өзені бойындағы Қостанай қаласы. Ол 1879 жылы құрылды. Облыс құрамына 16 ауылдық округ пен 6 қала, 3 қалалық кент, 4 ауылдық елді мекен, 194 ауыл әкімдігі кіреді. Қала халқы басым, тұрғындардың 58,8 пайызы қалада тұрады.
Жер қойнауы пайдалы қазбаға бай: магнетит және оолит темір рудалары, бокситтер, қоңыр көмір, асбест, отқа төзімді және кірпіш топырағы, флюс және цемент әктастары, шыны құм, құрылыс тасы және т.б.
Қостанай облысы – Қазақстандағы ең ірі кен өндіруші аймақтың бірі. Ондағы кәсіпорындар республика бойынша барлық темір рудасы түйіршігі, боксит пен асбест, темір рудасының 90 пайызын өндіреді.
Тың жерлерді игеруге байланысты Қостанай облысы тұтастай дерлік ауыл шаруашылығына пайдаланылды.
Облыс аумағы арқылы республика, облыс және жергілікті маңызы бар жолдар да өтеді: ондағы жолдар желісі республикадағы ең кеңейтілген жолдардың бірі.
Облыстағы өндіріс көлемі мен құрамы
2022 жылдың бірінші жартысындағы жалпы өңір өнімі (ЖӨӨ)
ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп
Көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу
Көлік және қойма
Өңдеуші өнеркәсіп
Құрылыс
Жылжымайтын мүлік операциялары
Білім беру
1,3
трлн тг
492,9 млрд тг
69 млрд тг
344,5 млрд тг
95,8 млрд тг
154,9 млрд тг
133,4 млрд тг
62,5 млрд тг
«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (темір кенін өндіру)
125,2
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС (көлік өндірісі)
млрд тг
«Агромашхолдинг» АҚ (ауыл шаруашылығы техникасын өндіру)
млрд тг
13
млрд тг
2,9
«Баян сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндіру)
«СТОФАРМ» ЖШС (фармацевтика компаниясы)
млрд тг
1,5
млрд тг
1,2
Облыста Қазақстандағы 300 ірі салық төлеушінің қаншауы жұмыс істейді?
Қазақстандағы 300 ірі салық төлеушінің 6-уы Қостанай облысында тіркелген:
Салық алымы
2022 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша, 299,6 миллиард теңге салық жиналды, бұл – республика бойынша салықтың 2,68 пайызы
Республика бюджетіне трансферті (2022 ж.)
Республика трансфертін есепке алмағандағы өңір кірісі