*Кейбір деректерде Ұлытау облысының статистикасы бар
Қарағанды облысы 1932 жылы құрылған. 1997 жылы құрамына сол кезде таратылған Жезқазған облысы кіріп, кейін облыс шекарасы өзгерді. 2022 жылдың маусым айында Ұлытау облысы құрылып, Жезқазған қайтадан бөлініп шықты.
Облыс орталығы – 1934 жылы құрылған Қарағанды қаласы. Аумақтық реформадан кейін облыс құрамына облысқа бағынатын 6 қала (Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау, Шахтинск) және 7 аудан (Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет) кіреді.
Қарағанды облысы – еліміздің ірі өнеркәсіп аймақтарының бірі. Қарағанды жері пайдалы қазбаларға бай, мұнда көмір, мыс, қорғасын, мырыш, марганец, темір, молибден, вольфрам, сирек металдардың үлкен кен орындары бар. Сонымен қатар құрылыс тастары, цемент шикізаты, саз, құм сияқты металл емес шикізаттың үлкен қоры бар.