Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды. 1962 жылдан 1992 жылға дейін Орал облысы деп аталды. Облыс Ресейдің бес аймағымен шектеседі: Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор. Облыс орталығы – 1613 жылы іргесі қаланған Орал қаласы. Жайық өзенінің бойында орналасқан. Аймаққа 12 аудан, 2 қала, 3 кент, 147 ауылдық округ кіреді. Бұл аймақ пайдалы қазбаларға бай, әсіресе мұнай мен газ басым. Облыс аумағында әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Қарашығанақ орналасқан. БҚО топырағы қара, қызғылт, ашық қызғылт, сазды, сортаң. Дәнді-шөпті, дәнді-жусанды, жусанды-тамырлы өсімдіктер басым. 2021 жылы облыста 242,1 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы, орман, балық шаруашылығы өнімдері мен қызметтері өндірілді (республика бойынша жалпы көлемнің 3,2%).
Облыстағы өндіріс көлемі мен құрамы
2022 жылдың бірінші жартысындағы жалпы өңір өнімі (ЖӨӨ)
ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп
Көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеу
Көлік және қойма
Өңдеуші өнеркәсіп
Құрылыс
Жылжымайтын мүлік операциялары
Қаржы және сақтандыру қызметі
Білім беру
1,8
трлн тг
1,04 трлн тг
68,1 млрд тг
56,69 млрд тг
60,9 млрд тг
108,9 млрд тг
70,1 млрд тг
18,4 млрд тг
70,2 млрд тг
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.» филиалы (мұнай-газ компаниясы)