Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі, ол 1854 жылы Іле бекінісі ретінде құрылды. Алматы 1929-1997 жылдар аралығында Қазақстанның астанасы болды. Қала 8 ауданға бөлінген: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түркісіб. Бас қаламыз Астанаға көшкеннен кейін, 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды. Құжат бойынша, қалаға елдің ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы және өндіріс орталығы мәртебесі берілді.
Астана − Қазақстан Республикасының астанасы. Қала 1832 жылы Ақмола әскери бекінісі ретінде құрылған. 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның астанасы мәртебесін алды, 1998 жылдың 6 мамырындағы жарлық бойынша, Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 2019-2022 жылдары қала Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп аталды.
Шымкент – XII ғасырда Орталық Азиядан Қытайға баратын сауда жолында пайда болған Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Қала құрғақ тау етегінде, Өгем жотасының баурайындағы жазықта, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында орналасқан. Шымкент Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасына да жақын.
Түркістан облысы 1932 жылы құрылды. 1992 жылға дейін Шымкент деп аталды. Кейін Оңтүстік Қазақстан деп өзгерді. 2018 жылдың маусымында қазіргі атауы берілді. Облыс Өзбекстан және Қырғызстан шекарасымен шектеседі. Құрамында 14 ауыл-аймақ, облысқа бағынатын 3 қала, ауданға бағынатын 4 қала, 824 ауылдық елді мекен бар.
Жамбыл облысы 1939 жылы құрылған. Облыс территориясы Қырғызстанмен шектеседі. Облыс орталығы – 1864 жылы құрылған Тараз қаласы. Облыста 10 ауылдық аудан, 3 шағын қала (Таразды қоспағанда), 153 ауылдық округ пен 367 ауыл бар.
Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылды. Бұрын Маңғышлақ деп аталды. Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан. Түркіменстанмен және Өзбекстанмен шектеседі.
Облыс орталығы – 1963 жылы құрылған Ақтау қаласы. 1 қарашадағы ақпаратқа сәйкес, мұнда 214,9 адам немесе облыс тұрғындарының 29 пайызы өмір сүреді.
Атырау облысы 1938 жылы құрылды. 1992 жылға дейін Гурьев деп аталды. Облыс Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі.
Облыс құрамында 7 аудан, 2 қала, 153 ауылдық елді мекен бар. Қала халқының саны – 363 мың (54,3%). Облыс орталығы Жайық өзені бойындағы Атырау қаласында орналасқан.
Ақмола облысы Қазақстан құрамында 1939 жылы пайда болды. 1997 жылы Көкшетау облысының бөлінуіне байланысты облыс аумағы кеңейді. Облыс орталығы – 1824 жылы құрылған Көкшетау қаласы. Облыста 17 аудан және 11 қала, 5 ауылдық округ, 226 селолық және ауылдық округтер бар. Ауыл халқының үлесі – 49,8% (365,5 мың адам).
Батыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды. 1962 жылдан 1992 жылға дейін Орал облысы деп аталды. Облыс Ресейдің бес аймағымен шектеседі: Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара және Орынбор. Облыс орталығы – 1613 жылы іргесі қаланған Орал қаласы. Жайық өзенінің бойында орналасқан. Аймаққа 12 аудан, 2 қала, 3 кент, 147 ауылдық округ кіреді.
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы Қарағанды облысының әкімшілік бөлінісі нәтижесінде құрылды. Ресейдің Қорған, Омбы және Түмен облыстарымен шектеседі.
Облыс орталығы – 1752 жылы іргесі қаланған Петропавл қаласы. Есіл өзенінің бойында орналасқан. Облыс аумағына 13 ауылдық аудан, 4 шағын қала (Петропавлдан басқа) және 186 ауылдық округ кіреді.
Алматы облысы 1932 жылы құрылған. Шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлімен шектеседі.
90 жыл ішінде облыс аумағы бір кеңейіп, бір қысқарып, жалпы бес рет өзгерді. 2001 жылдың сәуірінде Талдықорған қаласы Алматы облысының облыс орталығы болды. 2022 жылдың маусым айында Қонаев қаласына (бұрынғы Қапшағай) ауысты.
Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды. 1997 жылы оған Семей облысы қосылса, 2022 жылдың маусым айында Абай атауымен қайтадан жеке облыс ретінде бөлініп шықты. Қазір ШҚО құрамына Глубокое, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары мен Риддер қаласы кіреді.
Павлодар облысы 1938 жылы құрылған. Ресейдің Омбы, Новосібір облыстарымен және Алтай өлкесімен шектеседі.
Облыс орталығы – Ертіс өзені жағалауында орналасқан Павлодар қаласы. Қала 1861 жылы құрылған. Облыста 10 ауылдық аудан, 3 қала, 3 село, 123 ауылдық округ бар. Мұнда қала тұрғындарының саны басым – жалпы халықтың 70,7 пайызы.
Қарағанды облысы 1932 жылы құрылған. 1997 жылы құрамына сол кезде таратылған Жезқазған облысы кіріп, кейін облыс шекарасы өзгерді. 2022 жылдың маусым айында Ұлытау облысы құрылып, Жезқазған қайтадан бөлініп шықты. Облыс орталығы – 1934 жылы құрылған Қарағанды қаласы.
Қостанай облысы 1936 жылы құрылды. 1997 жылы оның құрамына таратылған Торғай облысы толығымен кірді. Қостанай Ресейдің Орынбор, Челябі және Қорған облыстарымен шектеседі.
Облыс орталығы – Тобыл өзені бойындағы Қостанай қаласы.
Абай облысы 2022 жылы маусымда Шығыс Қазақстан облысынан бөлініп шықты. Облыс солтүстігінде Алтаймен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шектеседі.
Абай облысына 1997 жылға дейін бұрын таратылған Семей облысының құрамында болған Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар аудандары кірді.
Ұлытау облысы 2022 жылдың маусым айында Қарағанды облысынан бөлінудің нәтижесінде құрылды. Облыс орталығы – Жезқазған қаласы. Оның құрамына облысқа бағынатын 2 қала (Сәтбаев және Қаражал) және 2 аудан (Жаңаарқа және Ұлытау) кірді. 2022 жылы қайта құрылған басқа облыстарға қарағанда, Жезқазған өңірі 1997 жылға дейін болған қалпына ие болған жоқ.
Жетісу облысы 2022 жылдың маусым айында Алматы облысынан бөлінудің нәтижесінде құрылды. Шекарасы 1997 жылы таратылған Талдықорған облысының аумағына сай келеді.
Орталықтың қаржылай демеуіне тәуелді немесе өзіндік қоры мол Қазақстан өңірлерінің даму деңгейі әртүрлі. 30 жыл бойы елімізде негізгі қор бірнеше орталықты дамытуға ғана жұмсалып келеді. Аймақтардың, соның ішінде шағын қалалардың мүмкіндігі анағұрлым аз болды.
Өңірлердің тең дамымауы ел тұрғындарының өміріне әсер еткен бірқатар әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және қоғамдық мәселеге әкеп соқты.
Власть жаңа ауқымды жобасында Қазақстан аймақтарындағы өмір және оны өзгертуге ұмтылып жүрген тұрғындары жайлы баяндайды, өңірлердің даму барысын талдап, қазіргі өмірін көрсетеді.
«Қазақстан аймақтары» жобасы
Орталықтың қаржылай демеуіне тәуелді немесе өзіндік қоры мол Қазақстан өңірлерінің даму деңгейі әртүрлі. 30 жыл бойы елімізде негізгі қор бірнеше орталықты дамытуға ғана жұмсалып келеді. Аймақтардың, соның ішінде шағын қалалардың мүмкіндігі анағұрлым аз болды.
Өңірлердің тең дамымауы ел тұрғындарының өміріне әсер еткен бірқатар әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және қоғамдық мәселеге әкеп соқты.
Власть жаңа ауқымды жобасында Қазақстан аймақтарындағы өмір және оны өзгертуге ұмтылып жүрген тұрғындары жайлы баяндайды, өңірлердің даму барысын талдап, қазіргі өмірін көрсетеді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылым саласында сапалы бағдарлама жоқ, ал той жергілікті тұрғындар үшін ақша табу және бос уақыт өткізу тәсіліне айналған
“Көктөбеден” қарағандағы қала көрінісі, Алматы қаласы, Алматы облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Қаланы басқан көк түтін, Алматы қаласы, Алматы облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Бәйтерек, Астана қаласы, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Сарқырама, Астана қаласы, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Жаңатас қаласы, Жамбыл облысы
Суреттерді Юна Коростелева түсірген
Жаңатас қаласы, Жамбыл облысы
Суреттерді Юна Коростелева түсірген
Жаңаозен қаласы, Маңғыстау облысы
Суреттерді Алмас Қайсар түсірген
Жаңаозен қаласы, Маңғыстау облысы
Суреттерді Алмас Қайсар түсірген
Бестөбе кенті, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Бестөбе кенті, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Заводской кенті, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Заводской кенті, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
ЖЭО, Степногорск қаласы, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Степногорск қаласы, Ақмола облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Үлкен кенті, Алматы облысы
Суреттерді Владислав Сон түсірген
Балқаш көлінің жағалауы, Үлкен кенті, Алматы облысы
Суреттерді Владислав Сон түсірген
Қонаев қаласы, Алматы облысы
Суреттерді Алмас Қайсар түсірген
Қонаев қаласы, Алматы облысы
Суреттерді Алмас Қайсар түсірген
Риддер қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Алтай қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Серебрянск қаласы, Шығыс Қазақстан облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Екібастұз қаласы, Павлодар облысы
Суреттерді Владислав Сон түсірген
Екібастұз қаласы, Павлодар облысы
Суреттерді Владислав Сон түсірген
Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы
Суреттерді Олег Битнер түсірген
Семей қаласы, Абай облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Семей қаласы, Абай облысы
Суреттерді Жанара Каримова түсірген
Жезқазған қаласы, Ұлытау облысы
Суреттерді Виктор Магдеев түсірген
Талдықорған қаласы, Жетысу облысы
Суреттерді Алмас Қайсар түсірген
Жобаны The Canada Fund for Local Initiatives қолдауымен Власть интернет-журналы жүзеге асырды